Футбол • 24 Желтоқсан, 2023

«МС» – әлем чемпионы!

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясында футболдан клубтық әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жа­рыс­та алты құрлықтың ең үздік коман­­да­лары мен алаң иелері бақ сынады.

«МС» – әлем чемпионы!

20 мәрте ұйымдастырылып отырған дүбірлі доп додасында «Манчестер Ситиге» тең келер команда табылмады. Биыл Англияның Премьер-лигасы мен УЕФА-ның Чемпиондар лигасын жеңіп алған Хосеп Гвардиоланың шәкірттері бұл жолы да қарсылас шақ кел­тірмеді. Джиддада өткен финалдық сайыс­та олар «Флуминенсемен» күш сынасты. Алаңға Эрлинг Холанн, Кевин Де Брюйне және Жереми Доку сынды белді ойыншы­лар шықпағанына қарамастан, «МС» бразилиялықтардың қақпа­сына жауапсыз төрт доп соқты – 4:0. Бұл матчта Хулиан Альварес дубль авторы атанса, Фил Фоден бір мәрте мергендік танытты. Тағы бір голды Нино өз қақпасына салды. Сөйтіп, «МС» өз тарихында тұңғыш рет аталған жарыстың жеңімпазы атанды.

Қола медальды Каирдың «Әль-Ахлиі» ол­жалады. Үшінші орын үшін бәсекеде Жапо­нияның «Урава Ред Даймондс» клубын 4:2 есебімен ұтқан мысырлық клуб әлем чемпионатындағы өзінің төртінші қола меда­ліне қол жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50