Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023

«Qarmet» көлік сыйлады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Qarmet» кәсіпорны құқық қорғау органы мен медицина қызметкерлеріне арнайы көліктердің кілтін табыстады. Жаңа көлік кілттері облыс орталығымен қоса қанаттас Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, қала­ла­рына берілді.

«Qarmet» көлік сыйлады

– Дәл қазір біз тарихи сәтті бас­тан өткерудеміз. Тәртіпті қамтамасыз ету мен науқас жанына араша түсу – бұл қоғамның дамуына септігі мол мызғымас құрал қашанда. Ай­ма­ғымызға өзінің әлеуметтік бағ­дарламасы бар жаңа инвестор келді. Енді міне, халықтың игілігіне еңбек етер жандарға арнайы көліктер беріліп отыр. Металлургия комбинаты ай­мақтың әлеуметтік-экономикалық өмі­­рінде ерекше орын алатыны қуан­тады, – деді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын кілт табыстау кезінде.

Судай жаңа автокөліктер – «Qarmet» кәсіпорнының тар­туы. По­лиция қызметіне 10, жедел жәрдемге 5 көлік берілді. Кө­лік­­тер Chevrolet және JAC маркалы. Жаңа көліктер то­лы­ғымен заманауи құрылғылармен жаб­дық­тал­ған.

«Қауіпсіздік мәселесі қараған­ды­лық­тар үшін бірінші орында тұруы тиіс. Бұл тек комбинатқа немесе шахталарға ғана қатысты емес, қала ішіндегі қауіпсіздіктің мәні зор. Аз да болса, біздің қосып жатқан үле­сі­міз осынау қа­ла халқының, оның ішінде, елге қызмет еткен жандарға пайдалы болады деп үміттенеміз», деді «Qarmet» бас директоры Вадим Басин.

Жаңа инвестордың аймағымызға әкелген алғашқы игі сыйы – осы.

        

Қарағанды облысы