Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізушіге шабуыл жасаған адам қамауға алынды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізушіге шабуыл жасаған адам қамауға алынды

Бұған дейін автобус жүргізушісін соққыға алған ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) және Қылмыстық кодекстің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Айта кетейік, 22 желтоқсан күні Алматыда қоғамдық көлікте   жанжал туындап,  жүргізуші әйел адамды ұрған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Салдарынан үш адам қайтыс болып, төртеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Үш ересек адамға жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, біреуіне  сол жақ жамбас сүйегінің сынығы диагнозы қойылып №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол табан сүйектерінің сынуы диагнозымен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендерге психологиялық көмекті қосп, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.