Осы орайда аталған мекеме қызметкерлері биыл 650 рет қайта жасалып жатқан жөндеу үстіндегі жолдарға шығып, 1 110 жол-құрылыс материалынан сынама алған. Өз кезегінде 600-ден аса сынама талапқа сай болмай шықты. Ендігі ретте орын алған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті жұмыстар атқарылады.
«Бүгінгі таңда жол құрылысында анықталған ақауларға байланысты мердігерге, техникалық қадағалау мекемелеріне арнайы хаттамалар толтырылды. Нәтижесінде, 11 техникалық қадағалаушыға айыппұл салынды», деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов.
Айта кету керек, биыл Шымкентте 241 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 15-і – көлік ағыны жоғары магистралды көшелер.
ШЫМКЕНТ