Үкімет • 25 Желтоқсан, 2023

Маңызды құжат талқыланды

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері туралы құжат жобасын талқылады.

Маңызды құжат талқыланды

Фотосурет: А.Байжұманов

Сенаторлардың айтуынша, құжат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүр­гізуді жақсартуға, атап айтқанда, геологиялық барлау жұмыстарына іс жүзінде жедел көшуге, барлық сараптаманың мерзімін қысқартуға, рәсімдер бо­йынша әкімшілік шығындарды 2 еседен астам жоюға мүмкіндік береді.

Құжатта сонымен қатар уәкілетті органның жер қой­науын зерделеу жөніндегі KazRC стандартына сәйкес да­йын­­далған есептерді тексеру мүм­­кіндігін сақтау, ресурс­тар мен қорлар 25 пайыздан ас­там­ға төмендегенде уәкілет­ті ор­ган­ның пайдалы қатты қаз­ба­лар кен орындарын барлау жө­нін­­дегі ең төменгі талаптарды белгілеуі, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөнін­дегі есеп-қисапта дәл емес мәлі­метті жасыратын немесе көрі­неу ұсынатын адамдардың жауап­кер­шілігін күшейту туралы түзету­лер ұсынылған.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.