коллаж: Kazinform/ Қостанай облысы ПД
Жол апатынан қаза болғандар жоқ, бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.
«26 желтоқсан күні сағат шамамен 11.10 кезінде Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр», делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.