Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023

«Отбасы банк» сенімді агент екенін тағы да дәлелдеді

261 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Үйлі болудан үмітті отандастарымызды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету­де мемлекеттің сенімді серіктесіне айналған «Отбасы банк» үшін өтіп бара жат­­қан жыл оңды оқиғаларға толы болды. Құрылған күнінен бастап тұрғын үй сая­сатын сындарлы жүргізіп келе жатқан банкке биыл кезекті рет тағдыршешті мін­деттер жүктеліп отыр. Бұл еліміздегі екі бірдей тарихи оқиғаға орайлас кел­ген: 20 миллионыншы сәбидің дүниеге келуі мен Мемлекет басшысының Ұлт­тық­ қорынан балаларға қаражат аударуды қамтамасыз ететін заңға қол қоюы.

«Отбасы банк» сенімді агент екенін тағы да дәлелдеді

Келешекке сенім, елдің дамуына серпін беретін игі бастамалардың нәти­же­сін уақыт безбендей жатар. Оған дейін жыл­дың аяқталуына орай, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибра­гимова банк­тің қоғамдық кеңесі мүше­лерімен кездесіп, көкейкесті мәсе­лелер жөнінде пікір алмасқанына тоқ­та­ла кетейік. Өйткені жыл өткен сайын­ мем­лекеттік бағдарламалар арқылы үйлі болуды көздейтін жандардың саны көбе­йіп келеді, сауалдары да жеткілікті. Бір жағы­нан банк жетекшілері қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстарына құлақ аса отырып, салымшылардың мүд­­десіне нақ­ты жұмыс істеп отыр­ған жобалар бар. Оқырман үшін «Отбасы банкке» тұл жетім­дер мен мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және көп­балалы отбасыларды баспаналы ету тетіктерін жетілдіре түсу аманатталғанын айту ләзім.

Банктің қоғамдық кеңесінің құрамына мүге­дек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отыр­ған­ отбасыларды қол­дау мен көмек көрсетудің тұрақты дамуы­ жөнін­дегі «Бақытты шаңырақ» қайы­рымдылық қорының же­тек­шісі, Бірік­кен риэлторлар қауым­дастығы прези­ден­тінің кеңесшісі, риэлтор-сарапшы, стра­те­гиялық коммуникациялар жөніндегі сарап­шы, журналистер, блогерлер және әлеуметтік белсенділер бар. Бұл жолғы жиынға сарапшы ретінде «Үндемей қойма, жетім» қоғамдық қорының бірін­ші­ жетекшісі Руслан Тұрысбеков те шақы­рыл­ды. Ол Тұрғын үй-коммуналдық инфра­­­құрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына жетім бала­лар­ды қосу мәселесін сөз етті.

вар

Сондай-ақ банктің басқарма төрағасы баспана кезегінде тұр­­ғандар саны жыл сайын артып келе жатқанын, мем­ле­­ке­ттік бағдар­ла­малардың шарттары өзге­ріп жатқанын, банк жаңа жобаларды енгі­зіп жатқанын, сондықтан халықпен ашық қарым-қатынас орнатып, ақпаратты уақ­тылы жеткізіп отыру үшін қоғамдық кеңес­пен тығыз байланыста болуға мүд­де­лі екенін атап өтті.

Банк басшысы қоғамдық кеңес мүше­леріне алдымен ипотекалық несие­леу нарығындағы сыртқы және ішкі талап­тар­ға берілген баға есебін баяндады. Жоға­ры­да атап өткендей, өтіп бара жатқан жыл­да айтарлықтай өзгеріс жоқ. Жалпы, ипо­те­ка­лық нарықтағы «Отбасы банктің» үлесі 56% болса, бұл – 3 трлн 148 млрд теңге.

Л.Ибрагимованың айтуынша, 2023 жыл­дың 1 желтоқсанына дейін 874 млрд теңге көлемінде несие берілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20-25%-ға аз және мұның мақсатты түрді жасалып жат­қанын айта кету керек, өйткені елдің қара­жат жинап үйренгені жөн. Ендігі жерде жұрт ипотека алуға қажетті соманың 50%-ын құйып, ертесіне заем ала алмай­ды. Демек, бұдан былай тұр­ғын үй жинағы белгілі мерзімде жи­нақ­та­лып, депозит шотта жатуға тиіс. Қа­зір салымшылардың көп­ші­лігі та­лап­­тың өзгергенінен хабар­дар­ және оған деген көзқарасы да дұ­рыс­.

Банктің қаржылық көрсет­кіш­тері де көңілден шығады. Бүгінде «Отбасы банк» барлық банк арасында алғашқы үштіктің ішінде, яғни барлық коэффициент Ұлттық банктің нормативтерінен бірнеше есе асып түседі. Осы арада «Отбасы банкті» басқа банктерден даралайтын және ерекше қуантатыны – банктің активтер порт­феліндегі ипоте­калық несиелердің үлесі ең жоғары болғанына қарамастан, банк секторында мерзімі 90 күн­нен асқан, уақ­тылы төленбеген қайтарымсыз қарыз­дар көлемі бойынша ең төмен көр­сет­кішке ие екеніне тоқтала кеткен жөн. Өзге екінші деңгейлі банктермен салыс­ты­ратын болсақ, бұл көрсеткіш «Отбасы бан­кінде» 36,5 есе төмен.

Биыл банктің Алматы және Ұлытау облыстарында жаңа бөлімшелері ашылды. Бүкіл елде қаржы құрылымының 124 кеңес беру орталығы бар. Өйткені «Отбасы банк» клиент­терінің арасында жүзбе-жүз кеңес ал­ған­ды қолайлы көретін отандас­та­рымыз жетерлік. Бұған қоса салымшылардың «Отбасы банкті» таңдауының да өзіндік сыры бар. Жұрт үйлі болу үшін қаражат жинақтай отырып, мемлекет тарапынан жыл сайын берілетін сыйақы есебінен ақшасын еселеп отырғанын түсінеді.

Дегенмен халықты баспанамен қам­­т­а­­масыз ету көрсеткіші аса көңіл көн­шіт­пей­­ді, пәтерлер бұрынғыдай бүкіл елдегі әрбір23,4 адам­ның біреуіне бұйырып тұр. Мұ­ны демографиямен байланыс­тыру қа­жет. Айтқандай, «Отбасы банк» биыл 20 мил­­­лионыншы болып дүниеге келген бес бір­­дей сәбиге банкте депозит ашу үшін 2 млн теңгеден берді.

– Біздіңше, алдағы жылдары­ да салым­шылардың саны көбейе қой­май­ды. Егер «Отбасы банкте» елі­міздің эко­но­микалық тұрғыда бел­­сенді 10 млн­ тұрғынның 2,5 мил­­лионы салымшы болса, оның әрбір үшінші адамы – Қар­жы­ құрылымының клиенті деген сөз. 2023 жылы Ұлттық банктің базалық мөл­шер­лемесі жоғары болды және біз бос қара­жа­тымызды тек Ұлттық банктің ноталары мен мемлекеттік бағалы қағаздарға орна­ластырдық. Осы арқылы алғаш рет 100 млрд теңгелік межені бағындырдық. Биыл­ғы қаңтар-қараша айларындағы таза пайда 139 млрд теңгеге жетті. Жыл соңына дейін пайда 148 млрд теңгеге дейін артады деп жоспарлап отырмыз, – дейді «Отбасы банк» басшысы.

Банк басшысы биыл банктің мақ­сат­­ты­ топтары қиындықтармен бетпе-бет кел­ге­нін жасырмайды. Қысқасы, халық­тың тө­лем қабілеті 10%-ға төмен­де­генін айта келе: «Ұлттық статистика бюро­сының мәлі­­метінше, жалақысы 250 мың теңге немесе одан да төмен адам­дар табыстарының 50%-дан астамын тамаққа жұмсайтынын алға тартып отыр. Біз мұны кәдімгідей се­зін­дік. Биыл алғаш рет тұрғын үй құрылыс жи­нақ келі­сім­шарттары бойынша ақша ағы­ны 2022 жылға қарағанда төмен болды», дейді.

Дегенмен «Отбасы банк» «Дип­­­лом­­мен – ауыл­ға!» жобасында да мем­лекеттің сенім­ді­ агенті еке­нін кезекті рет дәлелдеді. «Ұмай» бағ­дар­ламасы бойынша да 3 500 әйел адам үйлі болды. Банк жас­тар бағ­дар­­ла­мары бо­йын­ша әкім­дік­тер­мен ғана емес, моно­қала­лар­мен де жұ­мыс істеуге көшті.

Ал Жаңа жылдан бастап жүзеге аса бастайтын «Ұлттық қор – бала­лар­ға» жобасының маңызы орасан. Мем­лекет балалардың келешекте бі­лім алып, үйлі болуы үшін қол­дау­ көрсетуді көздеп отыр. Ал жо­ба­­ның операторы – «Отбасы банк» осы­ беттен бағдарламаны ауқымды түр­­де түсіндіру жұмыстарын жүр­гі­­зіп­ отыр.

Қорыта айтқанда, биыл «Отба­сы банк» 62 300 займ берсе, жыл соңына дейін бұл сан­ 70 мың займға жетіп қалуға тиіс деген жос­пар бар. Дегенмен бұл 2021 және 2022 жыл­дармен салыстырғанда 10-12%-ға аз. Себебі «Отбасы банктің» жинақ­тау­ саясаты өз­гер­ді, мемлекет тарапынан да талаптар күшейді.

Сондай-ақ қоғамдық кеңестің кезек­ті отырысы барысында осы­дан бірнеше жыл бұрын отан­дас­та­рымыздың бір бөлігі біржолғы зей­нетақы төлемдерін «Отбасы бан­кіндегі» депозитке аударғаны тура­лы сөз қозғалды. Алайда бар бол­ғаны үш жыл аясында салымшы­лар бас­пана алуға қажетті соманы­ жи­нақтап үлгермейтіндіктен, Үкі­мет­ке оның мерзімін 7 жылға дейін ұзарту мәселесі ұсынылғаны тал­қы­ланды. Осы мәселеде үш мем­лекеттік орган үш жылда кәдеге аспаған депозитті БЖЗҚ-ға қай­та­ру­ды қолдаса, екі құзырлы мекеме бұған қарсы. Сондықтан «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова бұл әлі де пысық­тауды қажет ете түсетін са­уал бол­ған­дық­тан, қоғамдық кеңес мүше­лерімен осы мәселені холдинг оты­рысында кө­те­руге уағдаласты.

 

АЛМАТЫ