Фото: gov.kz
«Біз үшін тарихи әрі қуанышты сәт. Бұл шешім түркітілдес елдердің туризм бағытындағы қарым-қатынасын нығайтуға айрықша серпін береді. Түркістан облысындағы тарихи-танымдық туризмнен бөлек, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм бағытымен сіздерді танысуға шақырамыз», деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысы Ерлан Күзембаев.
Еске салсақ, Түркі Мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің биыл қазан айында Түркістанда өткен VIII отырысында Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы ретінде белгіленген.
Айта кетсек, Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) тарапынан Әзербайжанның Шамахи қаласы 2023 жылы түркі әлемінің туризм астанасы болып, көптеген игі бастамаларды іске асырған. Аталған ресми мәртебе биыл Түркістан қаласына тиесілі болды.