Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023

Ғылым-білім орталықтарын трансформациялау

110 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығын (ҰАҒБО) тігінен интеграцияланған агротехнологиялық хаб етіп қайта құруды міндеттеген еді. Осы уақыт ішінде ғылыми институттар мен қолданбалы ұйымдар арасындағы тікелей коммуникацияларды олардың әзірлемелерін кейін коммерциялан­дыра отырып, айналымға тезірек және сәтті енгізу үшін қамта­масыз етуге бағытталған трансформацияның түрлі нұсқасы қарастырылды.

Ғылым-білім орталықтарын трансформациялау

Ғылыми орталықта жол кар­тасының жобасы және ғылы­ми-зерттеу институттары, тәжі­ри­бесі мол шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы тауарын өн­діру­шілер арасындағы өзара іс-қимыл жүйесінің жаңа, оң­тай­­ландырылған құрылымы әзір­­ленді. Атап айтқанда, оңтүс­тікте мал және өсімдік шаруа­шы­лықтары, мақта және көкөніс өсірумен айналысатын 4 түрлі еншілес ұйымды «Оңтүстік» ғы­лыми-өндірістік орталығына бірік­тіру ұсынылады. Жаңа ҒӨО нысандарды қаржылық жағы­нан сауықтырып, өңір­дің аграршы­ларымен белсенді өз­ара іс-қи­мылды қамтамасыз етіп, жабық топырақ, тиімді суару және көкөніс өсіру орталықтарын құрады. С.Сейфуллин атын­дағы ҚазАТУ-дан ҰАҒБО-ға қайта берілген еншілес ұйымдар қатарында А.И. Бараев атындағы АШҒӨО, СҚ АШТС бар.

Ә.Бөкейханов атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агло­мерация ғылыми-зерттеу инс­титуты Экология және таби­ғи ре­сурс­тар министрлігінің Ор­ман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі комитетіне беріл­ді. Сон­дай-ақ ҰАҒБО құры­лы­мын оңтайландыру екі енші­лес ұйым­ды әртүрлі меншік үлес­і­мен әкімдіктерге беруді көз­дейді. Атап айтқанда, Ақтөбе облы­сында өңір­лік тәжірибелік шаруашылық базасында жылқы шаруашылығы инс­титутын құру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар ғылыми аграр­лық орталықты трансфор­ма­ция­­лауда селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың кешен­ді жоспарын іске асыруға көп көңіл бөлінеді. Бастап­қы тұ­қым шаруашылығын дамыту, селекциялық техника мен жабдықтарды жаңарту, тұқым шаруашылығының тиімді жүйесін құру жөніндегі шаралар әзірленді.

«Қазақстанда тұқым шаруа­шы­лығының қолданыстағы схемасы дұрыс жұмыс істемейді. Тұқым өсіру схемасы бұзылған, қада­ғаланбайды. Сондай-ақ био­тех­нологияның заманауи әдіс­терін қолдану арқылы жаңа сұрып­тарды өсіру мерзімін екі есе қыс­қар­ту қажет: 12-15 жастан 5-7 жас­қа дейін. Тұқым сақтандыру қорын құру қажеттігі туындады. Отан­дық сорттарды тиімді коммер­цияландыру үшін өсімдік, тұ­қым шаруашылығы және селек­ция саласындағы ҰАҒБО, жекемен­шік компаниялар мен халық­ара­лық орталықтардың оригинатор­ларының күш-жігерін біріктіруді ұсынамыз», деді ҰАҒБО басқарма төрағасы Бауыржан Қасенов.

Кеңесті қорытындылай келе, Серік Жұманғарин ғылым мен оның нәтижелерін коммерция­лан­дыру арасындағы жолды барынша қысқарту үшін халық­аралық компаниялар мен бизнестің тәжірибесін ескере отырып, мүдделі органдар мен ғалымдардың барлығымен ҰАҒБО-ны трансформациялау жоспарларын тағы да талқылауды тапсырды.