Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланды.
Іле-шала қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс басталғанын мәлімдеді.
Қоғамдық тамақтану нысанындағы жаппай тағамнан улану жағдайы осы айда тіркелген. Қазір жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр. Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дәл осы "Okadzaki" мейрамханалар желісінің бірінде былтыр 100-ге жуық адам уланған.
- Okadzaki мейрамханасындағы улану жағдайы желтоқсан айында болды, ол бойынша қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні зардап шеккендердің саны - 37 адам. Өтініш берушінің шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, - делінген ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратында.