Қоғам • 31 Желтоқсан, 2023

«Анамды таба алмай ішқұса қайтып барамын». Бельгиялық Жәнібек туған жерінен кеткенін мәлімдеді

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға анасын іздеп келген ЭддиЖан (Мұрат Севальев) виза мерзімінің аяқталуына байланысты елден кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

«Анамды таба алмай ішқұса қайтып барамын». Бельгиялық Жәнібек туған жерінен кеткенін мәлімдеді

muratsaveliev

«Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын!
Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек, бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім. Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды. Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Таиландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді», деп жазды Мұрат.

2002 жылдың 17 қаңтарында Арқалық қаласындағы перзентханада өмірге келген Мұратты  2004 жылы балалар үйінен бельгиялық жалғызбасты әйел асырауға алып кеткен. Араға 19 жыл салып туған жері, атамекеніне анасын іздеп келген жігіт  ең бастысы туған елін, Отанын тапқанына бақытты екенін жазды. Әр қазақ өзін бауырына басып, жақын  тартқанына разылығын білдірді.