Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023

Теміртау жастарында орталық бар

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласында тұңғыш рет Жастар орталығы ашылды. Жыл соңында құрыш қала жастары үшін бұл айтарлықтай жаңалық болды.

Теміртау жастарында орталық бар

ФОТО: ortalyq.kz

Бұрын 1965 жылы салынған екі қабатты ғимарат Е.Бөкетов атындағы университеттің колледжі бөлімшесіне тиесілі болатын. Ол бес-алты жыл қаңырап, бос тұрғаннан ке­йін қала әкімдігі былтырдан бері қалпына келтіруге кіріс­кен. 666,8 миллион теңге қара­жат жұмсалып, құрылыс жұмыс­та­рын «Балқаш Жібек жолы» ЖШС атқарып шыққан. Аумағы 2201,78 шаршы метрден тұра­тын нысанның айналасы да асфальтталып, абаттандырылып, сырты сайдингпен қапталып, іші қажетті құрал-жабдықтар­мен және жиһазбен қамтама­сыз етілген. Енді, теміртаулық жастар осында келіп, бос уақы­тын мазмұнды өткізе алады. Олар коворкинг, экология, КВН, тіл үйрену, жас отбасыларды қорғау, медиа сауаттылық, саз студиясы, инклюзивті білім кабинеттерінде өздерінің ой-өрісі мен қабілетін дамытып, ше­берлігін шыңдайды, шығар­ма­­шылықпен айналысады. Олар­ға құрамында педагогтер, пси­холог, заңгер, дәрігер, жаттықтырушы бар 34 адам қызмет көрсетеді. Мұнымен қоса, орталықта жуынатын, киініп-шешінетін бөлмелер мен асхана да бар.

– Жастар орталығы үшін дәл осы жерді таңдағанымыз тегін емес, – дейді Теміртау қа­ласы әкімінің орынбасары Са­мат Зияшев. – Себебі, ма­ңайын­да Қарағанды индуст­риал­дық инс­титуты мен 4 кол­ледж, бірқатар мектеп орналасқан. Сондықтан, студенттер мен оқушылар үшін қолайлы болмақ.

 

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50