Қоғам • 03 Қаңтар, 2024

Өнер тарланына құрмет

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Театр және кино әлемінде талай образды сомдаған өнер тарланы Тұңғышбай Жаманқұловқа деген жамбылдықтардың құрметі қашанда зор. Бірнеше жыл бойы Әулиеатада «Тұңғышбай Таразға шақырады» атты театр фестивалінің өткізілуі сөзімізге дәлел болса керек.

Өнер тарланына құрмет

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жылдығы жергілікті атқарушы биліктің назарынан тыс қалған жоқ. Мерейтой иесінің құрметіне арналған іс-шара Асқар Тоқ­панов атындағы облыстық қа­зақ драма театрында ұйым­­дас­тырылды.

Бұл күні театрға ағылған өнер­сүйер қауымның қарасы қалың болды. Жер­гілікті жұрт «Абылай ханның ақыр­ғы күндері» қойылымын тамашалау, театр тарланына құрмет көрсету үшін асықты. Іс-шараға өңір бас­шысы Ер­бол Қарашөкеев те арнайы қатысты. 

Спектакльді тараздық өнер­­сүйер қауыммен бірге та­машалаған өңір бас­шысы соңыра мерейтой иесін құт­тықтады.

«Бүгін сахналанған «Абы­лай хан­ның ақырғы күн­дері» қойылымы жү­ректі қозғады, көпшілікті тол­ған­дырды. Бір сөзбен айтқанда, театрға кел­ген жұрттың көңілінен шықты. Қазақ өнері мен руханиятында сіздің орныңыз биік шыңға айналғаны ақиқат. Мерейтойыңыз құтты болсын! Жарты ғасырдан астам уақыт бойы атқарған тынымсыз еңбегіңіз үшін алғысымыз зор. Біз сізбен қай кезде де мақтанамыз. Отбасыңызға бақыт, деніңізге саулық тілеймін. Жаңа рөлдеріңізбен же­рлестеріңізді қуанта беріңіз», деді Е.Қарашөкеев.

Іс-шара соңында облыс әкімі ме­рей­той иесінің иығына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.

 

ТАРАЗ