Білім • 05 Қаңтар, 2024

Бірінші сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі

800 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде оқушылар екінші тоқсанды 29 желтоқсан күні қорытындылады. Қысқы демалыс 8 қаңтарда аяқталып, оқушылар білім ұясына оралады. Ал мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 сынып оқушыларына қыста тағы бір қосымша демалыс беріледі, деп жазады Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі

1 сынып оқушылары қыс мезгілінде екі рет демалады. Олар үшін қыстағы қосымша демалыс күндері 5 - 11 ақпан аралығына жоспарланған. Яғни, бүлдіршіндер ІІІ тоқсанда тағы 7 күн каникулда болады.

Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.

Ал үшінші тоқсан 10 оқу аптасын құрайды. Көктемгі каникул 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Биыл соңғы қоңырау қалыптасқан дәстүрге сай 25 мамыр күні соғылады.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20