Қоғам • 05 Қаңтар, 2024

Қаңтар оқиғалары – мемлекеттік төңкеріс әрекеті: 2022 жылы не болды?

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаңтар оқиғасының хронологиялық мәліметтері мен ақиқатын айқындап берген деректі фильм жарыққа шықты. Еліміздегі телеарналар 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар туралы жаңа деректі фильмді көрсетті. Фильмде әр күн мен әр сағат негізінде Қазақстандағы қалалардың көшелерінде оқиғалардың қалай өрбігені, дағдарыс қалай еңсерілгені туралы негізгі шешімдердің қалай және қашан қабылданғаны көрсетілген, деп жазады Egemen.kz Ақпарат және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғалары – мемлекеттік төңкеріс әрекеті: 2022 жылы не болды?

Фото: ашық дереккөз

Жаңа деректі фильмде қаңтар трагедиясы оқиғаларының эксклюзивті құжаттары, фото және бейнематериалдары көрсетілген. Көрермендерге 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғаның толық бейнесі ұсынылды.

Деректі фильмде елдің 11 өңірінде митингілер ұйымдастырылғаны көрсетілген. Сонымен қатар осы аудандар мен қалаларда бейбіт әлеуметтік наразылықтар мемлекеттік билікті құлату үшін экстремистік талаптармен жаппай бұзақылықтарға ұласты. Қастандық жасаушылардың басты әрекеті жанжалды қоздыруға бағытталған еді.

Деректі фильм қаскөйлер болжамдаған сценарий бойынша оқиғалардың 4 толқынын көрсетеді:

1-толқын. Бейбіт митингілер.

1-3 қаңтарда бейбіт митингілер өтті (елдің бірқатар өңірінде).

Мақсаты – арандатушылар мен содырларды көпшілік арасына енгізу үшін халықты көшеге шығару.

2-толқын. Тәртіпсіздіктер, қирату, өртеу.

4-5 қаңтарда іске асырылды (ішінара бірқатар өңірде, толығымен Алматыда).

Мақсаты – хаос пен тәртіпсіздік атмосферасын құру, тонауды ұйымдастыру, қару-жарақ дүкендерін басып алу, өртенген көліктерден баррикадалар жасау.

3-толқын. Ғимараттарды басып алу: әкімшілік, күштік құрылымдар, БАҚ, көлік (әуежай) және ақпараттық (БАҚ, телевышка) коммуникациялар. Кепілге алу, билік өкілдеріне қатысты қоғамдық зорлық-зомбылық.

5-6 қаңтарда іске асырылды (ішінара Алматыда).

Мақсаты – халық арасында қорқыныш пен дүрбелең, үрей туғызу, заңды биліктің дәрменсіздігін көрсету. Сонымен бірге әкімдіктерге, полицияға, БАҚ-қа, әуежайларға және т.б. символикалық түрде бақылау өздерінде екенін көрсету.

4-толқын. Сириялық сценарий.

Іске асырылған жоқ.

«Ұйықтап жатқан» радикалды жасақтардың көтерілуі. Шетелдік содырларды тарту. Мақсаты – ел бойынша жекелеген бандиттік және террористік анклавтар құру. Жекелеген аймақтарда билікті басып алу.

Қантар бүкіл елді дүр сілкіндірді, бұл кезең билікті басып алу мақсатында ауқымды мемлекеттік төңкерістің алдын-ала мұқият жоспарланған әрекеті ретінде тарихқа енді.