Аймақтар • 07 Қаңтар, 2024

БҚО-да ірі жол апаты болды, үш адам қаза тапты

7795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында ірі жол апаты орын алып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да ірі жол апаты болды, үш адам қаза тапты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жазғандай, оқиға 7 қаңтар күні Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы тұсында болды.

«Орал-Атырау жолының 62-шақырымында сағат 13.30-да «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан «Тойота Ипсум» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан қос автокөліктің жүргізушісі мен «Шевроле Нексиада» отырған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оған қоса зардап шеккендер облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп хабарлады ведомстводан.