Бастысы, кітапханада білім беру бағыттарына қолжетімділік бар. Қорды сақтауға арналған қауіпсіздік құралдары мен RFID-жапсырмалары орнатылған. Ерекше студенттердің де жағдайы ескерілген. Оларға арналған үстел мен ортопедиялық орындықтар бар. Озық технологияға сай жабдықталған кітапхана қаладағы педагогтерге де, оқырман қауымға да қызмет көрсетеді. Кітапхана қоры да бай.
«Кітапхананың ашылуы – педагогика факультетінің студенттері мен оқытушыларына үлкен олжа. Жаңа орталық білім алмасу, диалог алаңы, оқытушылар мен студенттердің ашық түрде өзара пікір алмасу орны болады деп сенеміз», дейді университеттің проректоры Сәуле Сағынтаева.
Кітапхана аумағы 400 шаршы метрді құрайды. 53 мың кітап қоры бар. Өнер, дизайн, әдістеме құралы, педагогика саласы бойынша кітаптар жинақталған. «Арнайы абонементпен, электронды ресурстар залымен жабдықталған. Оқу кітапханамыздың басқалардан айырмашылығы – Қарағанды қаласы мектептерінің мұғалімдеріне де қызмет көрсетеді. Оқырман университеттің ID картасы арқылы кітапханаға келе алады», дейді ғылыми кітапхана директоры Гауһар Әбдіғұлова.
Университет базасында биология-география және тарих факультетінде де дәп осындай екі кітапхана жұмыс істеп тұр.
Қарағанды облысы