Әнші оған разылығын білдіріп, алғыс айтты.
- Біз, Ильяс Омаровтай, Өзбекәлі Жәнібековтей ұлы тұлғалардың тәлімін алдық, тәрбиесін көрдік. Мәдениет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды,- деуші еді тау тұлғалар. Ағалар кеткелі жадап-жүдеп қалған көңілім бар еді. Тіпті соңғы рет қашан қуанғаным да есімде жоқ, соған қарағанда арада біраз уақыт өткен болу керек" деді Нұрғали Нүсіпжанов.
Айта кетейік, ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов 5 қаңтарда 87 жасқа толды.