Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024

Аудандарды аралады

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов Жетісу облысындағы Кербұлақ, Панфилов және Көксу аудандарында болды.

Аудандарды аралады

Сенаторлар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы және «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысымен танысты. Парламентшілер сондай-ақ аудандық мәслихаттардың депутаттарымен, кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарымен кездесулер өткізіп, әлеуметтік нысандардың қызметіне куә болды.

Аудандық мәслихат депутаттарымен және жұмыс ұжымдарымен кездесулер барысында мектептер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту секілді күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды.

«Ауылда, әсіресе шекара маңын­дағы өңірлерде өмір сүру жағдай­ларын жақсарту – мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Бұл экономиканың дамуына және азаматтарымыз үшін жайлы өмір сүру жағдайын жасауға ықпал етеді», деп атап өтті депутат Ғалиасқар Сарыбаев.

 

Жетісу облысы