Қаз-қатар тізілген броньді әскери көліктердің сипаттамасынан хабардар болған өңір басшысы Урал 4320 ауыр жүк көлігін өзі тізгіндеп, әскери бөлім аумағында жүргізіп көрді. Сондай-ақ ол әскери бөлім орындайтын жауынгерлік міндеттермен, оқу материалдық базасына назар аударды. Сондай-ақ қарудан оқ ату дағдыларын қалыптастыруға арналған тир орталығында қарудан оқ атып көрді.
Жұмыс барысында облыс әкіміне жауынгерлік жедел тобының ұрыстық тәртібін көрсетіп, отряд офицерлері арнайы жасақтың заманауи үлгідегі қаруларын, әскери киім үлгілерімен таныстырды.
Облыс әкімі жұмыс сапарында әскери бөлімнің саптық алаңында қаз-қатар тізілген қаруланған техникаларды бақылап, әскери нысанның материалдық-әлеуетімен танысты. Сондай-ақ ол әскери бөлім орындайтын жауынгерлік міндеттермен, оқу материалдық базамен және бөлімшелердің тұрмыстық жағдайына назар аударды. Өткен жылы облыс әскери бөлімге «Daewoo» маркалы 4 автобус табыстаған болатын. Отыз орынға арналған көліктер жедел мақсаттағы жеке құрамды жауынгерлік қызмет орындарына тасымалдайды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3 бірдей облыстың қоғамдық тәртібін қамтамасыз ететін жедел мақсаттағы әскери бөлімдердің сақшылары 3514 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, 315 қылмыстың бетін ашқан. Кездесу соңында облыс әкімі өңірдегі тұрақтылықты жіті бақылап, қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ұландықтардың маңызды да жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.