Фото: @qaz_olympics
Винтовкамен 50 метрлік қашықтықтан жатып ату сайысында Арина Алтухова, Элизавета Безрукова, Александра Леден жасақталған құрама қарсылас шақ келтірмеді.
Дәл осы сайыстың жеке бәсекесінде Арина Алтухова 626,8 ұпаймен чемпион атанып, алтыннан алқа тақты.
Ал Александра Ле 618,4 ұпаймен қола жүлде алды.
25 метрлік қашықтықтан стандартты тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин 568 ұпаймен қоржынға кезекті қола медаль салды.
Әзірше Қазақстан қоржынында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола бар.