Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024

ҚазҰУ-да гальваникалық қаптамалар шығаратын өндіріс ашылды

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында университет базасында химиялық гальваникалық қаптамалар шығаратын Chemical Coating innovations ғылыми-өндірістік орталық ашылды, деп жазады Egemen.kz

ҚазҰУ-да гальваникалық қаптамалар шығаратын өндіріс ашылды

Жоба Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асып отыр. Мұнда машина жасау және техникалық құрал жасау қажеттіліктері, сондай-ақ кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдар өңделіп, арнайы гальваникалық қаптамалар шығарылатын болады.

е

Орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки ғалымдардың жұмысына сәттілік тілеп,  отандық ғылымды дамытуда заманауи өндірістерді дамытудың маңызды екенін жеткізді.

ф

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, гальваникалық қаптамалар өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартады. Яғни, бұл өндірушіге де, тұтынушыға да тиімді әрі тат басудан қорғаудың жаңа әдісі болып табылады. Жаңа орталықта өндіріс технологы және операторы мамандары даярланатын болады.

Өндірістің материалдық-техникалық базамен таныстыру барысында жоба жетекшісі, Chemical Coating innovations ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі Алина Галиева «Бүгінде елімізде  электрохимиялық қаптамаларды жасау қарқынды дамып келеді деп айта алмаймыз. Мұндай ғылыми-өндірістік орталықтар іс жүзінде жоқ. Электрохимиялық қаптамалардың сапасы жоғары әрі  және тәжірибедегі қолданысы өте тиімді. Қазіргі уақытта біздің орталықта мырыштау, никельмен қаптау және мыс өңдеу желілері орналасқан қойма бар.  Өндіріс жылына он мыңдаған шаршы метр қаптамалар алуға мүмкіндік береді» деп атап өтті. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес осы орталықта әртүрлі агрессивті ортадан қорғайтын қаптамалар және қолдану технологияларын әзірлеу жұмыстары іске асатын болады. Жоба өнеркәсіп секторының нақты сұранысы негізінде жүзеге асып отыр.