Қоғам • 18 Қаңтар, 2024

Талдықорғанда шоудауннан жарыс өтті

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде шоудауннан жарыс өтті. Іс-шараның бастамашылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен IT-services & Education қоғамдық жастар бірлестігі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда шоудауннан жарыс өтті

«Көзіңді қорға» - бұл акцияның негізгі идеясы. Қазіргі уақытта адамдарға өз өмірін гаджеттерсіз елестету қиын. Смартфондар, планшеттер, компьютерлер біздің өмірімізге мықтап еніп, нағыз көмекші болды. Бірақ біз, заманауи технологиялар пайдамен қатар денсаулыққа, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына зиян тигізетінін есте ұстауымыз керек.

Бұл күні теннис үстелінде зағип ойыншылар ғана емес, NIS оқушылары да кездесті. Олардың қаруы көздері емес, құлақтары еді. Ережелер кәдімгі теннистегідей. Бірақ жабдық басқаша: доп құлап кетпес үшін бүйірлері бар үстел, ал ракеткалар дөңгелек емес, төртбұрышты.

- Биылғы оқу жылында Талдықорғандағы NIS пен IT-services & Education арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Мектепте «Жарық» атты әлеуметтік жобасы құрылды. Бұл жоба бойынша біздің оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Брайль қарпін үйренуге арналған құрылғы жасауда, сонымен қатар бірнеше аудио кітап жазу үстінде. Ынтымақтастық аясында бұл жолы шоудаун турнир арқылы «Көзіңді қорға» акциясын өткіздік, - дейді 12 сынып оқушысы Айгүл Макетаева.

- Мұндай үстел теннисін бірінші рет ойнадым. Сол себептен бәрін ережеге сай жасау қиынға соқты. Көзілдірікті киген кезде, айнала тым қараңғы... Бірақ сіз оларды шешіп, қайтадан көруге болатынын түсінесіз, ал көру қабілеті бұзылған адамдар мұны істей алмайды. Қолда барымызды бағалауымыз керек, - деді өз әсерін бөліскен 10 сынып оқушысы Әділ Ақжолұлы.