Әлем • 22 Қаңтар, 2024

АҚШ-та 89 адам аяздан көз жұмды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы аптада Америка Құрама Штаттарында кем дегенде 89 адам қайтыс болды. Оған қақаған қыстың суығы себепші болған, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.

АҚШ-та 89 адам аяздан көз жұмды

Фото: forumdaily

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайтыс болғандардың көбі Теннесси штатында тіркелді. Онда 25 адам көз жұмған. Орегонда 16 азамат қаза тапты. Олардың үшеуі ағаш құлаған сәтте көлікте отырған.

Иллинойс, Пенсильвания, Миссисипи, Вашингтон, Кентукки, Висконсин, Нью-Йорк және Нью-Джерсиде қорқынышты оқиғалар тіркелді. Қазіргі уақытта елде ауа райы суық: қатты жел, қар мен көктайғақ.

Осыған дейін температура кейбір сәттерде минус 34,4 градусқа дейін төмендегені туралы хабарланған. Күннің сууы 12 қаңтарда басталды.