Көрме • 23 Қаңтар, 2024

Көнермейтін көркемдік

134 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеншілер қаласындағы Бейнелеу өнері мұражайында Суретшілер одағының 60 жылдығына орай «Қарағандының көркемдік бастаулары» атты көрме ашылды. Мұражай қорында алпысқа тарта жұмыс бар. Фотосуреттер, картиналар, мүсіндер өңір мәдениетінен сыр шертеді. Мұның бәрі қарағандылық бейнелеу өнері шеберлерінің туындысы. Қарағанды қаласының 90 жылдығы мен Суретшілер одағының 60 жылдығы қатар келген мерейлі жылда мұражай осындай мәнді көрме ұйымдастырып отыр.

Көнермейтін көркемдік

«2024 жыл мерейтойлық атаулы күндермен есте қалмақ. Атап айтқанда, қаланың 90 жылдығы және Қарағанды Суретшілер одағының 60 жыл­дығы. Екі мерейлі датаның да маңызы зор. «Қарағандының көркемдік бастаулары» көрмесі – «Суретшілер одағы – 60» көрме циклінің алғашқысы. Көр­меден Қарағандыдағы бейнелеу өнерінің бастауында тұрған – Владимир Эйферт, Павел Фризеннің жұмыстары орын алған. Жалпы, көптеген суретшілер сол кезеңде қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың жазуымен Қарағандыға келді. Дарынды суретшілер қала­ны безендіруге үлес қосты. Порт­реттер салды, алғашқы өнер үйірмелерін ұйымдас­тырды. Қала­ның көркемдік өмірі осы тұлғалардан тамыр тартады», – дейді мұражай директоры Бибігүл Құдабаева.

«Суретшілер одағы – 60» циклінің көрмесі жыл он екі ай бойы жалғасын таппақ.

апр

Циклдің бірінші көрмесі – Қарағандының 50-60 жыл­дардағы бейнелеу өнеріне арналса, келесі экспозиция – 70-жылдарды қамтиды. Бар­лығы Қарағандының өткен тарихы, өндіріс, сондай-ақ қаланың дамуына үлес қосқан сол кездегі қайраткерлердің пор­треттерінен тұратын 60 жұ­мыс мұражай төрінде тұр.

Қарағандыда көрмелер 1964 жылы Суретшілер одағы құ­рылғанға дейін де өтті. Ал­ғаш­қы көрме 1945 жылы ұйым­дастырылса, ал 1956 жылы Қа­рағанды көркемөнер-өн­ді­рістік шеберханасы ашылды.

Көрменің фотоблогы негі­зінен 1953 жылдан Қарағандыда тұрған мүсінші-монументалист Николай Рыбецкийдің еңбек­терінен жасақталған. Мүсін­шінің қолтаңбасы Кеншілердің мәдениет сарайында, теміржол вокзалының ғимаратында қал­ғанын атап өту ләзім. Кес­кін­деме – бұрынғы сурет­ші­лердің суреттері. Олардың көп­шілігі Отан соғысының қаты­сушылары – Виктор Кры­лов, Павел Реченский, Павел Андрюк, Петр Антоненко.

Көрменің мақтанышы – өңі­­ріміздің тұңғыш қа­зақ су­ретшісі Райымқұл Есір­кеев. Ол – Қарағанды Сурет­ші­лер одағының негізін қа­лау­шы­лардың бірі. Анатолий Билык пен Юрий Гуммельдің еңбектері мүсін блогында ор­наласқан. Анатолий Билык­тың жұмысы Украина мен Қа­зақстанның қалаларына көрік берді. Қарағандыда ол Юрий Гуммельмен бір­лесіп, Кеңес Ода­ғының Батыр­лары Нұркен Әбдіров пен Зоя Космо­демьян­скаяға ескерт­кіштер әзірлеген.

Көрме қаңтардың соңына дейін жалғасады.

 

Қарағанды облысы