Мәдениет • 24 Қаңтар, 2024

2024 жылы қандай тұлғалардың мерейтойларын атап өтеміз?

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылы Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойлары атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылы қандай тұлғалардың мерейтойларын атап өтеміз?

Коллаж El.kz

Олардың қатарында белгілі жазушылар, ақындар мен ағартушылар бар. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы жылдың айтулы күндерінің бірі – балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы болмақ.

Сондай-ақ қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан белгілі жазушы, аудармашы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толады. Өз заманында ол «Қазақ КСР Халық жазушысы» наградасына ие болды.

Театр және кино режиссері, Қазақ КСР Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына биыл 110 жыл.

Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толады. 

Сондай-ақ айтулы даталар тізімінде – заманауи қазақ әдебиетінің негізін салушы, ақын, жазушы, драматург Ілияс Жансүгіров бар.

Ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы атап өтіледі.

Жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына - 130 жыл.

Жазушы, ақын, драматург Жүсіпбек Аймауытовқа - 135 жыл.

Ақын, жырау, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толар еді.