Ғылым • 25 Қаңтар, 2024

Жас ғалымдар ванадий аккумуляторының баламасын жасады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының жас ғалымдары – ғылыми қызметкер Арман Өмірзақов пен PhD докторы Әлжан Байменов ванадий аккумуляторында қолданылатын ванадий электролитін тазартып өндірудің отандық технологиясын жасады, деп жазады  Egemen.kz Ғылым және жоғары білімі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жас ғалымдар ванадий аккумуляторының баламасын жасады

Фото: gylym_jogary_bilim

«Литий-ионды аккумуляторларында өрт және жарылыс қаупі өте жоғары болғандықтан ванадий аккумуляторлары литий-ионды аккумуляторларға балама бола алады. Ал ванадий аккумуляторлары қауіпсіз ғана болып қоймай, сондай-ақ олар экологиялық тазалығымен де ерекшеленеді. Себебі олар ұзақ уақыт қызмет етіп, қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын электролиттерді утильдеуді қажет етпейді», делінген ақпаратта.

Жас ғалымдардың ғылыми еңбегінің нәтижесі бойынша келешекте ванадий аккумуляторларының өндірісін қолға алу көзделіп отыр.