Қоғам • 25 Қаңтар, 2024

«Жас босанған аналар шұғыл хабарлассын». Бельгиялық азаматтың заңды өкілі мәлімдеме жасады

9768 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық қаласынан екі жасында шетелге сатылып кеткен бельгиялық азамат Эдди Жан Савельевтің  Қазақстандағы заңды өкілі, белгілі журналист  Қымбат Досжан шұғыл мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

«Жас босанған аналар шұғыл хабарлассын».  Бельгиялық азаматтың заңды өкілі мәлімдеме жасады

Фото: kymbatdoszhan

«Қайырлы күн,  2001, 2002, 2003 жылдары Арқалық қалалық перзентханасында босанып, бірақ қандай да бір себептермен сәбиі шетінеген немесе өлі туған баласының денесін көрмеген, әрі  өздері жерлемеген аналардың өзі я болмаса туыстары бізге шұғыл хабарласуларыңызды өтінеміз», деді Қ.Досжан  бейнеүндеуінде.