Қоғам • 26 Қаңтар, 2024

Майқайыңалтын: тергеу комиссиясы мәлімдеме жасады

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Майқайыңалтын» кен орнында  болған апатты тергеу жөніндегі комиссия қорытындысын жария етті, деп жазады  Egemen.kz Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Майқайыңалтын: тергеу комиссиясы мәлімдеме жасады

Фото: qr_tjm

«Комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді. Осы кезеңде ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері жобалық құжаттаманы зерделеп, тергеуге 4 сараптамалық ұйымды, оның ішінде Ресей Федерациясының сарапшысын тартып, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізді. Сонымен қатар комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеді.

Жан-жақты тергеу жүргізе отырып, комиссия жұмыс істеген кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан орын алған топтық жазатайым оқиғаның себептері мынадай: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;

«Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған;

блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмегені, жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос жерлері,  құлау ықтималдылығы бар екендігі жүргізілмені анықталды.

Нәтижесінде кенеттен құлаған тау массасының салдарынан жазатайым оқиға болды.

Тергеу нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шараларды және олардың орындалу мерзімдерін айқындады. Оның ішінде шахта директорының, бас инженердің, бас маркшейдердің, учаскелік маркшейдерлердің лауазымдық нұсқаулықтары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып қайта қаралатын болады. Бұдан басқа, тау-кен қазбаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі. Құлауы мүмкін аймақтарды және қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз етуді ескере отырып, автокөлік қозғалысының маршруттары әзірленеді. Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға орын алды. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді», деп жазылған ақпаратта.

Апат болған жерде авариялық-құтқару жұмыстары оқиға болған сәттен бастап демалыссыз жүріп жатыр.  Топырақтың геосканизациясы жұмысы мерзімді уақытта жүргізіліп отыр. Жұмыстар өте қиын жағдайда жүзеге асырылып жатыр.  Тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астындағы  бос кеңістік те қатер тудырып отыр.