Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024

Атырау қаласының бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы әкімдік қызметкерлерімен бірге алаяқтық бойынша күдікке ілінген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау қаласының бұрынғы әкімі үйқамаққа ауыстырылды

Фото: facebook.com/KairatUrazbaev

Қалалық сот бұрынғы әкімнің денсаулық жағдайына байланысты соттың бұлтартпау шарасы өзгергенін хабарлады.

«Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен Қ.Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы денсаулығына байланысты үйқамаққа өзгертілді», делінген Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының ақпаратында.

Айта кетейік, 2020-2022 жылдары Атырау қаласы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға, оның ішінде жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және тағы басқа санатқа жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталған. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталған еді.