Қоғам • 29 Қаңтар, 2024

Егде тартқан адамдар. «Күміс жас» жобасымен неше адам жұмысқа орналасқаны айтылды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) аясында 50 жастан асқан 15 166 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды,  деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Егде тартқан адамдар. «Күміс жас» жобасымен неше адам жұмысқа орналасқаны айтылды

Фото: gov.kz

«Осы бағыт бойынша 2023 жылы жалпы 14 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын. «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2103 адам), Қызылорда (1121 адам), Алматы (1099 адам), Қарағанды (1092 адам) және Ақтөбе (1056 адам) облыстарында байқалады. «Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асыратыны» жазылған ақпаратта.

50 жастан асқан және зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш жазуға болады.