Қоғам • 29 Қаңтар, 2024

Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Фото: gov.kz

Астаналық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 ақпанына дейін ұзартты.

Еске салайық, биыл қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.