Музей • 30 Қаңтар, 2024

Шаһар сәулетінің сыры

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл – кеншілер қаласының мерейтойы. Ендігі мәдени ұйымдар қазыналы қала тарихын жұрт жадында жаңғырту мақсатында түрлі көрме, кездесулерді бастап кеткен. Ақпан айынан облыстық бейнелеу өнері музейі де «Қарағанды – Сарыарқаның монументалды орталығы» атты мұражай сабағын өткізеді.

Шаһар сәулетінің сыры

Мұражайда қаланың сәулет өнерінен сыр шертетін суреттерден көрме ұйымдастырылады.

– Қала мектептері мен кол­ледж­дерінің оқушыларына арнап көрме жиі өткіземіз. Мұндағы көрмені тамашалап қана қоймай, олар тақырыптық сабақтарды осында өткізе алады. Қала тарихы баршаға ортақ. Сол себепті оқушылармен бір­лесе жұмыс істейміз, – дейді мұражайдың ғылыми қыз­мет­кері Айгүл Омарова. – Мұра­жайдағы сабағымыз Қараған­ды­ның монументалды өнері тақы­рыбына арналмақ. Қаланың сәулет құрылысы ерекше. Біз оқу­шы­ларға қаламыздың монументалды өнерінің алуан түрлілігін көрсеткіміз келеді. Мәселен, мұражай сабағына Манат Аманбаевтың «Нұркен Әбдіровтің ескерткіші» атты линогравюрасы қойылады. Суретші Павел Реченский қаланың қа­лай салынғаны жөніндегі әңгі­ме өрбітеді. Сол кезде дүрілдеп тұрған «Юбилейный» дүкені, көпқабатты үйлердегі мозаикалық фотосуреттер тарихы да айтылады.

Бұл мұражай сабағы орта және жоғары сынып оқушыларына арналған. Мұражай сабағына 475-475 нөмірі бойынша жазылуға болады. Облыстық бейнелеу өнері музейі Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 76 мекенжайында орналасқан.

 

Қарағанды облысы