Қоғам • 31 Қаңтар, 2024

Министр жеке бақылауына алды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген 11 адамның мәселесін қарады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр жеке бақылауына алды

Фото: gov.kz

Қабылдауға келген азаматтар министрге еңбек даулары бойынша қанағаттанарлықсыз шешімдер, өндірістегі жазатайым оқиғалар, мүгедектік тобын белгілеу және жеке көмекшілерді іріктеу жөніндегі мәселелер, мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары жөнінде сауалын қойды.

«Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды», делінген ақпаратта.