Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024

Абай облысында 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл, әрине, бір аптаның нәтижесі емес.  Абай облысында көшені белгіленбеген жерлерден өткені үшін 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай облысында 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері көшені белгіленбеген жерлерден өткен  259 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша, яғни, «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Мұндай құқықбұзушылық үшін 2 АЕК немесе 2024 жылға 7 384 теңге айыппұл көзделген. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК немесе 36 940 теңге.