Ауыл • 01 Ақпан, 2024

Ауылдан ашылған амбулатория

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жаңа жылда ауылдың қуанышына айналған жаңа нысанның ашылуымен аудан басшысы Мұхит Мұхтаров құттықтап, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы денсаулық сақтау саласының маңызын атап өтті.

Ауылдан ашылған амбулатория

«Елімізде медицина ма­ман­дарының мәртебесі мен беделі жоғары болуы үшін бар­лық жағдай жасалып жатыр. Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Кемелұлы денсау­лық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөліп келеді. Медициналық қызметтің қол­же­тімді болуын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау инфра­құрылымын одан әрі жаңғырту үшін елімізде кешенді іс-шаралар қабылданып жатыр. Президент бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде жүзеге асырылған шаруалар аз емес. Бұл жобаны іске асыру шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ орталық аудандық ауруханаларды меди­циналық жабдықтармен толық жарақтандыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», деді М.Мұхтаров.

Жаңа амбулатория стомато­ло­гиялық құрылғымен, зертха­налық, физиотерапиялық және ЭКГ аппараттарымен жаб­дықталған. Алдағы уа­қытта емдеу орнында амбу­латориялық қызметтен бө­лек жарақат таңу пунктін, шұ­ғыл медициналық көмек көрсету кабинеттерін ашу жос­парланып отыр. Мұн­дай амбулаториялар Шет ауда­нының 7 елді мекенінде салынып, ел игілігіне беріліп отыр.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы