Бұл туралы ол Қазақстан мен ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен өткен пленарлық отырыста айтты.
Ә.Смайыловтың айтуынша, бұл ұсыныс технологиялық шешімдермен, патенттермен және инновациялық идеялармен алмасу үшін айтылып отыр.
«Бұл біздің өзара іс-қимылымызды жақсартады және өңіріміздегі кәсіпкерлер мен зерттеушілерге жаңа технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді ол.
Қазақстан Премьер-министрі бірлескен күш-жігер өзара тиімді серіктестікті тереңдетуге, технологиялық дамуға және X индустриясына көшуге ықпал ететініне сенім білдірді.
«Біз AI саласындағы зерттеулерді бірлесіп жүргізуге және деректерді өңдеу мен талдауға қажетті ортақ инфрақұрылымды құруға күш-жігерімізді біріктіруге дайынбыз. Сонымен қатар біз жобаларымыз бойынша әзірлемелеріміз бен тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», деп қосты Әлихан Смайылов.
Пленарлық отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Қырғызстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Адылбек Қасымалиев, ЕЭК Алқасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.