Ауа райы • 05 Ақпан, 2024

Боран, көктайғақ: 5 ақпанда ауа райы қандай болады?

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстан бойынша 5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боран, көктайғақ: 5 ақпанда ауа райы қандай болады?

фото: astanatv.kz

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Еуразия континентінің үлкен аумақтарын қамтитын шұңқырлы-циклон әсер ететінін ескертті.

Осы циклонға байланысты Қазақстан аумағынан атмосфералық фронттар өтіп, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Сонымен қатар елде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және боран күтіледі.