Алматы • 05 Ақпан, 2024

Алматыда шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда егжей-тегжейлі жоспарлаудың (ЕТЖ) жаңа жобасы шеңберінде қалада шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин жаңа ЕТЖ-ны таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда шағын қабатты құрылысқа басымдық беріледі

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

«Бүгін біз ЕТЖ-ны басшылыққа алу керектігін айтамыз. Құрылыс салушы алты қабатты тұрғын үйін ЕТЖ-дағы шарттарды ескеріп, эскизді мақұлданғаннан кейін жобаны жүзеге асырады. Естеріңізде болса, бес қабатты ғимараттың нөлдік бұрышында тоғыз қабатты ғимараттар салынған. Жаңа ЕТЖ-да мұның жолын кестік және жаңа құрылымға ешкім «білгенін» істемес үшін бұл аймақтарды демалыс орындарына айналдырдық. Қаланың өз ережесі бар екендігін түсіндіреміз», деді қала әкімінің орынбасары.

Жаңа ЕТЖ саябақтарды, скверлерді, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға қарай 3 есеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.