Үкімет • 06 Ақпан, 2024

Инвестиция тарту жөніндегі кеңес

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысының міндетін атқарушы Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Инвестиция тарту жөніндегі кеңес

Негізгі капиталға инвестиция тарту бо­йынша мемлекеттік органдардың 2023 жылғы жұмыстарының негізгі қорытындылары қаралды.

Инвестициялар тарту саласында тиімді әрі ынталандырушы KPI айқындай отырып, Инвестициялық саясат тұжырымдамасын өзектендіру тәсілдері мен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру шаралары мақұлданды.

Бұдан басқа ауыл шаруашылығы, минералды тыңайтқыштар өндіру, машина жасау салаларындағы жекелеген инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және жобаларды іске асырудың нақты мерзімдері айқындалды.

Арнайы экономикалық аймақтар қыз­метінің қорытындыларын талдау және оларды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар тыңдалды. Жалпы, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізгі жұмыс түрлерін кеңейту, өңірлер үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін енгізу және жобаларға мониторинг жүргізудің онлайн жүйесі бойынша тәсілдер мақұлданды.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту бойынша жаңа тәсілдер таныстырылды, онда арнайы нысандарды салу кезінде, оның ішінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігі атап өтілді.