Байқау жұмыстарын бағалаудағы басты шарт кітапхана бағдарламалары мен қызметтерінің заманауи үлгіде болуы еді. Дәстүрлі байқаудың жыл сыйақысы үш аталым бойынша берілді: «Интернеттегі қауіпсіздік», «Климаттың өзгеруіне қарсы қарекет» және «Мәжбүрлеп көшірілген халықтың сандық үлгідегі ықпалдасуы».
Ал №2 кітапхана бөлімшесі «JasylUi» эко-орталығы «Климаттың өзгеруіне қарсы қарекет» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл жобаның өзектілігі – цифрлық үлгідегі заманауи технология арқылы қоршаған ортаны зерттеп, зерделеуді үйрету арқылы жас ұрпақтың экологиялық сауатын дамыту еді. Осы бағыттағы жобаны жүзеге асыруға «Samruk-Kazyna Trust» Қазақстан қоры қолдау көрсетті. Нәтижесінде, «JasylUi» эко-орталығында балаларға арналған экозертхана ашылып, қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Электронды микроскоп, «Жас эколог» құралдар жиынтығы, ауа, су, топырақ құрамын зерттейтін құралдар, 3D принтер және интерактивті панельді оқушылар өз зерттеу тәжірибелерінде пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазір олар өсімдікті топырақсыз өсіріп (гидропоника), тәжірибе жүргізіп жүр. Өсімдікті топырақсыз автоматты суару тәсілі арқылы өсіру құрал-жабдығы тұқымның өсіп-өну кезеңін жас зерттеушілердің мұқият бақылауына мүмкіндік береді.
Бұған дейін халықаралық байқауда Африка, Азия, Еуропа, Латын Америкасы мемлекеттерінің жеңімпаздары марапатталып келсе, биыл Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың №2 бөлімшесі ие болды.
ӨСКЕМЕН