Инвестиция • 06 Ақпан, 2024

«Beksar»-ға құйылған инвестиция

74 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Отандық «Beksar» стартапы 305 мың доллар инвестиция тартты. Сауда дүкендерін автоматтандырумен айналысатын жоба 4,8 млн долларға бағаланып отыр.

«Beksar»-ға құйылған инвестиция

Цифрландыру жүйесінің қар­қын­ды күш алуы еліміздің эконо­микалық әлеуетін арттыратыны анық. Бұл ретте жергілікті стартаптар жоғары деңгейдегі белсенділігі мен нарықта көрсеткен сауаттылығы ар­қылы жақсы нәтижеге қол жет­кізіп те үлгерді. Солардың бірі – «MOST Investment Readiness Accelerator» бағдарламасының тү­легі «Beksar» стартапы. Жергілікті инвесторлардың назарына іліккен стартапқа белгілі инвестор әрі кәсіпкер Мұрат Әбді­рахманов 150 мың доллар инвестиция салды. Ал «MOST Ventures» қоры 105 мың доллар қаржы құйды. Бұл қатарға инвестор Эльдар Төлеш те қосылып, стартаптың капиталына 50 мың доллар қосты.

– Мен Мақсат Бектібаевты алғаш рет «Digital Bridge» форумындағы стартап «шайқасының» финалында көрдім. Маған жоба да, оның негізін қалаушы да ұнады. «Beksar» ұжымы нарықтағы кемшіліктердің шешімін қарастырып жатыр. Фо­румнан кейін олардың сайтын қарап, өзім ұсыныспен шықтым. Бұл инвестиция Орталық Азияның негізгі құрылтайшыларына қолдау көрсету стратегиясына да сәйкес келеді, – дейді Мұрат Әбдірахманов.

«Beksar» – шағын және орта биз­нестің үдерістерін автомат­тандыруға арналған жоба. Стартап клиент­те­рінің қатарында сауда дүкендері, ондаған филиалдары бар сауда же­лілері бар. Бағдарламада касса, аналитика, қойма есебі секілді жүйелер қамтылған. Технология маркетинг құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. «Қазақстанда 150 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісі бар екенін ескерсек, бұл сала­лардағы автоматтандырудың маңыздылығы мен қажеттілігі бұ­рынғыдан да өзекті болып отыр. «Beksar»-ға салған инвестициямыз сауда нысандарының ағымдағы трендтері мен нарықтың өсу әлеуеті туралы түсінігімізді көрсетеді. Стар­тап операциялық тиімділікті арт­тыруға және ақылды автоматтан­дыру арқылы шығындарды азай­туға бағытталған офлайн сауда үшін негізгі шешімді ұсынады. Біз жетілген әрі масштабтауға әзір стар­таптар командасына сенеміз, – дейді «MOST Ventures» қорының басқарушы серіктесі Әлім Хамитов.

Жобаның негізін қалаған Мақсат Бектібаев қазірдің өзінде ел бойын­ша 2700-ден аса дүкен жобаға қо­сылғанын айтты. «Біз сау­да индус­триясынан шықтық. Жеке сауда дүкендеріміз бар және дүкен ие­лерінде кездесетін проблемалар­ды жақсы білеміз. Біздің өнім кәсіп­керлер үшін қиындықты шеше алады және бұған кәсіби венчурлық капиталистер назар аударғанына қуа­ныштымыз. Жобаны одан әрі кеңейту және жетілдіру жоспары да бар. «HoReCa» үшін шешімді бейім­деу­ді ойластырып жатырмыз», деді ол.

Қысқасы, «Beksar» стартапының сауда нысандары үшін әкелген пайдасы зор. Сондай-ақ цифрландыру жолында сауда орындарындағы жеңілдік жүйесі, касса орындары, арнайы төлем секілді үдерістерді бір бағытта жинап, белгілі бір те­тікті басу арқылы нәтижеге қол жет­­кізуді көздеді. Қазіргі таңда бұл жү­зеге асырылған дүние. «Beksar» жүйесі технологиялық автоматтан­дыру, нарықтағы белсенділік, инвес­тиция тарту сынды факторларды топтас­тыра отырып, көздеген мақ­сатқа қол жеткізіп келеді. Бұл жо­­баны сенім­ділігі аса жоғары және бола­шағы жарқын стартаптар қата­рына жатқыза аламыз.

 

Нұрдәулет КӘРІБАЙ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-курс студенті