Аймақтар • 07 Ақпан, 2024

Ақжардағы Мәдениет үйі

117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алакөл ауданының Ақжар ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Заман талабына сай материалдық-техникалық базаларымен жабдықталған ғимарат қос қабатты, аумағы 8 мың шаршы метрді құрайды.

Ақжардағы Мәдениет үйі

Суреттерді түсірген – Руслан Кадыров

Енді мұнда ауыл жастары мен жасөспірімдерінің бос уақыттарын тиімді өткізуіне мүмкіндік бар, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға жағдай жасалған. Мұнда 20-ға жуық үйірме, атап айтқанда, хореография, домбыра, вокал, көркемсөз, сурет, т.б. жұ­мыс істеп, 12 штаттық бір­лікке сәй­кес тұрақты жұ­мыс орны ашы­латын болады. Оқыр­мандарға арналған ауыл кі­тап­ханасы да Мәдениет үйінің ішін­де орналасқан.

Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне барған аудан әкімі Алмас Абдиновтің айтуынша, Алакөл ауданында 16 мәдениет үйі, 23 кітапхана, 2 музей және 1 архив халыққа үздіксіз қызмет етіп келеді. Со­лардың қатарына енді 150 орынды тағы бір жаңа мәде­ниет үйі қосылып отыр.

р

«Ауданымызда мәдениет саласының дамуына бағыт­талған көптеген игі шара жү­зеге асырылуда. Мұның өзі болашаққа салынған сенімді инвестиция деуге болады. Ал­­дағы уақытта Жағатал, Жай­пақ ауылдарына блокті-модульдік мәдениет үйін ор­натуға бюджеттен қаражат бө­лінді», деді аудан әкімі А.Абдинов.

Аудан тұрғындары атынан ризашылығын білдірген ардагерлер кеңесінің мүшесі Тұрсынхан Ахметов «Бүгін – біз үшін көптен күткен қуа­нышты күн. Ұзақ жылдан бері жаңа Мәдениет үйі ашыл­са деп жүргенбіз. Бұрын ба­лаларымыздың бос уақытын өткізіп, өздерін дамытуға ар­налған арнайы орын болмап еді. Енді міне, балаларымыз түрлі үйірмелерге қатысып, өнерін шыңдайтын болады. Жаңа Мәдениет үйі халық игіліне қызмет ете берсін»,  деп құттықтау тілегін жеткізді.

Өңір әкімінің баспасөз қызметінің мәліметшінше, Ақжар ауылы – аудан орта­лығы Үшарал қаласынан 70 шақырым қашықтықта орна­ласқан. Ақжар округіне 3 елді мекен – Ақжар, Қоңыр, Май­лышат ауылдары қ­а­райды. Жалпы халық саны – 2 170 адам, соның ішінде 540-ы – жастар.

 

Жетісу облысы