Пікір • 07 Ақпан, 2024

Цифрлану – озық елдің өлшемі

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық Қазақстан туралы жүйелі ой айтты. Ал цифр­ланудың басты мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Цифрлану – озық елдің өлшемі

Біз мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды, банк сала­сын­дағы жетістіктерімізді мақ­тан тұтамыз, шетелдіктерге банк картасын немесе жүр­гізу­ші куәлігін алудың қарапа­йым­дылығымен мақтанамыз. Алайда көп салада толыққан­ды цифрлық трансформация жүргізілген жоқ.

Бюджеттік және фискалдық үдерістерді толығымен цифр­ландыру оларды барынша ашық, мейлінше бюрокра­тия­дан арылтуға жол ашады. Бюджет кодексінің жобасы және Салық кодексін талқылау тә­жірибесі үдеріс­терді то­лық цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi, тен­дерлер өткiзу кезiнде заң бұзушылықтар, әдiлетсiз салық салу секілді көптеген мәселені жоюға көмектесетінін көрсеттi.

Сыбайлас жемқорлық, салынған инвестиция тиімді­лігінің төмендігі, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмау, әсіресе цифрландыру деңгейі мардымсыз ауыл шаруашылығы, суды пайдалану және экология, энергетика салаларында жиі болатынын көріп отырмыз.

Президент ауыл шаруашы­лығын субсидиялауға бюджеттен қомақты қаражат бөлу жос­парланып отырғанын айтты. Дегенмен, бұл ақша қара­ба­йыр субсидияларға, мысалы, жанармай сатып алуға емес, осы отынды үнемдеуге мүм­кіндік беретін технологияларды енгізуді субсидиялауға жұмсалуы керек. Министрлікке отандық инновацияларды, жаңа, серпінді технологияларды енгізу үшін өз саласына субсидия бөлу мүмкіндігін беру қажет. Бұл экономикаға жаңа серпін беріп, елдегі ғы­лымды коммерцияландыру үдеріс­терін алға жылжытады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент атап өткен мін­дет­терден экономиканы ке­­шен­­ді түрде ырықтандыру үшін жү­­йелі шаралар қабылдау, эко­­но­ми­­каны цифрландыру ісін жал­ға­стыру және жасанды ин­­теллект технологиясын кеңі­­нен қолдануға басымдық бе­­ріл­генін аңғардық. Өйткені қа­ра­­пайым ха­лықтың табысын арт­­­тыру және ұлттық байлықты әділ бөлу­ге қол жеткізуге осы іс-ша­­­ра­лар арқылы жете аламыз. Бұл – экономикамызды жаңа дең­­­гейге көтеріп, шикі­зат тәуел­ді­­лі­­гі­нен арылтатын маңызды құрал.

 

Еркін ӘБІЛ,

Мәжіліс депутаты