Дін • 08 Ақпан, 2024

"Тұқымың құрысын!" Балаңызға ренжіген кезде қандай сөз айтасыз?

719 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ата-аналар кейде балаларына кейіп «Өлім келгір», «Тұқымын құрысын», «Атың өшкір» деген сияқты сөздерді айтып жатады. Ондай теріс тілектер баланың тәрбиесіне және мінезіне кері әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Тұқымың құрысын!" Балаңызға ренжіген кезде қандай сөз айтасыз?

Егер балаңыз тіл алмайтын, қарсы шығатын шатақ боп өсіп жатса немесе сабаққа селқос, жаман жүріске үйір болса, демек оның ондай боп өсуінде ата-ананың оған қатысты абайсызда не ашумен айтқан теріс батасының да әсері бар.

Сол себепті балаларымызға ашуланғанда не ренжігенде тілімізге абай болуымыз керек. Бұған байланысты кітаптарда мынадай оқиға баян етіледі: Әбу Ханифаның шәкірттерінің бірі, хадисші әрі фақиһ ғұлама Абдулла ибн Мүбәракқа бір кісі келіп, баласының мінез-құлқының нашарлығына шағымданыпты. Абдулла ибн Мүбәрак одан сұрапты: "Оған теріс тілек айтып па едің?" Әкесі: "Иә", деп жауап беріпті. Сонда Абдулла ибн Мүбәрак оған: "Оны бұзған сенсің!" - деген екен, - деп жазылған "Бала тәрбиесіндегі 25 қателік" кітабында.