Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов хабарлады. Оның айтуынша, балалардың анасы құрбысына телефон соғып, екі баласы өліп жатқан пәтердің мекен-жайын айтқан.
- Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде”,-дейді Қабденов.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілген.