Ауа райы • 08 Ақпан, 2024

Барлық қозғалыс шектелді: Астаналық ТЖД ескерту жасады

782 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының өзгеруіне, атап айтқанда боран мен желдің күшеюіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қаладан тыс жерлерге барудан бас тартуды және қырағы болуды, ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды сүрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлық қозғалыс шектелді: Астаналық ТЖД ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Астана қаласында 9 ақпанда боран, көктайғақ, оңтүстік-батыс, батыстан жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 8 ақпан кешке, түнде және 9 ақпанда таңертең 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.

8 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша екпінді желге байланысты, төменгі боран, көрінуді шектеу көлік құралдарының барлық түрлері үшін Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласыңыз», делінген хабарламада.