Үкімет • 09 Ақпан, 2024

Өрт салдарын жою мәселесі

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орталығында («Корпорация Ақшың» ЖШС) болған өрттің салдарын жою мәселелері қаралды.

Өрт салдарын жою мәселесі

Фото: primeminister.kz

Қабылданған шаралар туралы Абай облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары баяндама жасады.

Кеңес барысында 6 ақпандағы сағат 20:55-тегі жағдай бойынша өрт ауыздықталғаны айтылды, оның алаңы 6,9 мың шаршы метрді құраған, бұл – ғимараттың 87,5%-ы. Оқиға орны қоршалып, күндізгі және түнгі патрульдер ұйымдастырылды.

Абай облысы полиция және мем­ле­­кет­тік өртке қарсы қызмет орган­да­ры­ның қызметкерлері тергеуді бастады.

Роман Скляр өрт себептерін және келтірілген залалдың көлемін анық­тауды, сондай-ақ өрттің салдарын жою бойынша қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.

Бұл жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында.