Үкімет • 09 Ақпан, 2024

Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс - Олжас Бектенов

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған міндеттерді талқылау үшін кеңес өткізді. Жиында Үкімет басшысы МӘМС жүйесін қайта реформалап, әр министр өз саласында шешім қабылдай білуі тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс - Олжас Бектенов

Фото: UKIMET телеграм арнасы

«МӘМС жүйесі елеулі қайта форматтауды қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді», деді Премьер-министр.

Олжас Бектенов жаңа Үкімет құрамына артылған үмітті ақтау басты міндет екеніне назар аударды. Сондықтан жұмыс қарқыны жоғары, ал министрлерге талап қатаң болмақ. 

«Формализм мен бюрократиялық сарсаңға салынуды толығымен жоя отырып, стереотиптерден арылу қажет.
Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуге тиіс, салалық мәселелерді өз деңгейінде шешулері шарт», деді Үкімет басшысы.