Аймақтар • 09 Ақпан, 2024

Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен сыныптастары қоштасты

5591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы №48 мектеп-лицейі лай көшкіні кезінде қаза тапқан қос ағайынды оқушы Денис пен Сергейді мәңгілік сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан егіздермен сыныптастары қоштасты

Ертең марқұмдарды жерлеу рәсімі өтеді.

Бүгін Алматыға егіздердің үлкен ағасы Дмитрий Шин ұшып келуі тиіс.

- 20 жастағы жас жігіт бір күнде отбасынан айырылып отыр. Ол өзінің туған (биологиялық) әкесімен Мәскеуде бірге тұрады әрі сонда оқиды, деп жазады БАҚ.

Егіздер Денис Шин мен Сергей Шин кеше Тау Самал ықшам ауданындағы лай көшкіні кезінде қаза тапты.

Жасөспірімдер тұратын үйден олардың анасы мен өгей әкесінің де денесі табылды.